"Дэвис Кубогі – 2021". Сербияны орта жолда қалдырған хорваттар финалға шықты

4 желтоқсан 2021 07:39
©metaratings

Теннистен Хорватия құрамасы Дэвис Кубогінің тарихында төрінші рет финалға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Әлемнің 279 ракеткасы хорватилық Борна Гойо әлемнің 33 нөмірі Душан Лайовичтен 4:6, 6:3, 9:2 есебімен басым түсті. Новак Джокович болса Марин Чиличті 6:4, 6:2 нәтижесімен жеңді. Ал хорватиялық Никола Мектич пен Мате Павич жұптық сайыста Новак Джокович пен Филип Краинович дуэтін екі сетте жеңді. Есеп 7:5, 6:1.

Осылайша, Хорватия құрамасы өз тарихында төртінші рет аталмыш турнирдің финалына жолдама алды. 2005 және 2018 жылдары Дэвис Кубогін иеленсе, 2016 жылы финалда Аргентина теннисшілеріне есе жіберді.

Енді шақпақ жейделілер екінші жартылай финалда Ресей мен Германия жұбының жеңімпазымен басты кубокті сарапқа салады.

Еске салайық, Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан мен Сербия теннисшілері ширек финалда кездесіп, балқандықтар 2:1 есебімен келесі айналымға жолдама алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: