Денис Евсеев Шымкент турнирін жеңіспен бастады

©ҚТФ

Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 337-ракеткасы Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді. Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті. Енді Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: