"Демек екеуміз де...". Бублик Олимпиада чемпионымен болған төбелес жайлы

29 қыркүйек 2022 02:18
©tengrinews

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионы мен US Open турнирінің финалисі неміс Александр Зверевпен бала күнінде төбелескенін айтты, деп жазады "Чемпионат".

"Екеуміздің бала күнімізде төбелескеніміз рас. Жалпы бұл туралы ешнәрсе айтқым келмейді. Сөзге келіп қалғанбыз. Кім жеңді дейсіз бе? Қазір екеуміз де дін-аманбыз. Ең бастысы тіріміз. Демек екеуміз де жеңімпазбыз", - дейді Бублик.

Еске салайық, Зверев Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Қазіргі таңда Германияның намысын қорғайтын спортшы әлемдік рейтингте 8-орында тұр. Ал Бублик болса 41-орында келеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport