Данилина Цинциннати турнирінің 1/4 финалына өтті

©olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Спортшы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда жапониялық Ена Шибахара – қытайлық Чжан Шуаймен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Енді қазақстандық-бразилиялық жұп жартылай финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласқа түседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: