Теннис
Бүгін 17:42

Данилина “Ролан Гарростың" жартылай финалына өтті

©Global Look Press

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алу үшін бақ сынайды.

Әйелдер арасындағы жұптық сында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жүр.

Ширек финалда Данилина мен Крунич Аустралия өкілі Эллен Перес пен Нидерланд теннисшісі Деми Схурстан басым түсті. Кездесу 6:2, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич Жапониялық Суко Аояма мен Тайбэй өкілі Энь Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport