Теннис
Бүгін 15:11

Данилина Мексикадағы турнирдің ширек финалына өтті

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші бұл бәсекеде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Анна Данилина жапониялық Мию Катомен бірге Қытай өкілі Цяньхуэй Тан мен мексикалық Рената Сарасуа жұбын жеңді.

Кездесу 4:6, 6:2, 10:6 есебімен қазақстандық-жапониялық жұптың пайдасына аяқталды.

Келесі кезеңде Анна Данилина мен Мию Като ресейлік Мария Козырева мен Майя Ламсденге қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport