Теннис
30 маусым 2025 14:06

Данилина Истборндағы жеңістен кейін әлемдік рейтингте жоғарлады

©ktf.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.

Жұптық сайыста үздік ойыншылар тізімінде Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бір саты жоғары көтерілді.

Бұған дейін теннисші тоғызыншы орында тұрған болатын. Енді Данилина сегізінші орынды иеленіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport