Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады.
Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.
Жартылай финалда Данилина мен Крунич Испания өкілі Кристина Букша мен аустралиялық Эллен Перес жұбымен өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қарсылас жұп басым түсіп, кездесу 6:3, 4:6, 10:7 есебімен аяқтады.
Жарнама