1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Теннис
12 наурыз 22:30
 

Данилина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Данилина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына өтті ©

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

blog.share

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге 1/4 финалда Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада) жұбын жеңді.

Кездесу 7:6, 6:2 есебімен Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды.

Анна мен Александра WTA аясындағы турнирлерде қатарынан жетінші рет жартылай финалға шығып отыр. Еске салайық, биылғы маусымда бұл жұп Australian Open турнирінің финалында ойнап, Дохада өткен WTA 1000 жарысында чемпион атанған еді.

Финалға шығу үшін Данилина мен Крунич Кристина Букша (Испания) / Николь Меликар (АҚШ) жұбымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!