Даниил Медведев қомақты қаржыға ие болды

13 қыркүйек 2021 17:32
©championat

Даниил Медведев US Open-2021 турнирін ұтқаны үшін қомақты қаржыға ие болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ресейлік спортшы финалда әйгілі Новак Джоковичті ұтып, карьерасындағы ең биік жетістікке жетіп отыр. Қорытынды есеп 6:4, 6:4, 6:4.

Осылайша Медведев ұйымдастырушылардың қолынан 2,5 млн АҚШ долларының сертификатын алды. Сербиялық теннисші болса финалға шыққаны үшін 1,25 млн АҚШ долларға байи түсті. Салыстырмалы түрде бүгінгі күнге дейін Медведевдің кәсіпқой теннисте тапқан табысы 19,7 млн АҚШ долларын құраса, Джокович 153,1 млн доллар қаржы жинаған.

Еске салайық, Даниил Медведев спорттық карьеасында тұңғыш рет "Үлкен дулыға" турнирінде топ жарып отыр.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: