Бүгін, 13 мамырда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римде (Италия) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің ширек финалында кортқа шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кезеңде Рыбакинаға украиналық Элина Свитолина қарсылас атанады. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясына арналған сілтемелер ойын басталар алдында қолжетімді болады.
Жартылай финалда осы жұптың жеңімпазы Джессика Пегула мен Ига Швёнтек арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 8 312 293 долларды құрайды. Ал Римдегі жарыстың чемпионы 877 390 еуро көлеміндегі сыйақыға ие болады. Бұл шамамен 950 мың доллар немесе 442 миллион теңгеге жуық сома.
Жарнама