Теннис
18 шілде 2025 14:45

Бублик Швейцариядағы турнирдің ширек финалына өтті

©Ktf.kz, Андрей Ударцев

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Александр Бублик жарыстың 1/8 финалында отандасы Александр Шевченкомен кездесті. 

1 сағат 2 минутқа созылған бәсекеде Александр Бублик 5 эйспен қоса, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Осылайша, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Франсиско Комесаньямен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport