Бублик пен Рыбакина Истбурндегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшілері Александр Бублик пен Елена Рыбакина Истбурнде (Ұлыбритания) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшілері Александр Бублик пен Елена Рыбакина Истбурнде (Ұлыбритания) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Александр Бублик 1/8 финалда Беларусь теннисшісі Егор Гермасимовті жеңді. Екі сетке жалғасқан кездесу 6:2, 6:2 есебімен аяқталды. Оның келесі қарсыласы италиялық Лоренцо Сонего болады. Айта кетейік, бұл турнирдің бірінші айналымында Бублик Михаил Кукушкинді жеңген болатын.
Ал Рыбакина болса турнирдің екінші айналымында әлемнің бесінші нөмірлі теннисшісі Элена Свитолинаны жеңді. Есеп 6:4, 7:5. Келесі айналымда отандасымыз латыш Анастасия Севастовамен ойнайды.
Еске салайық, Бублик пен Рыбакина Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.
Жарнама