Бублик Монте-Карлода өтіп жатқан турнирде әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасын жеңді

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP Masters 1000 - Monte-Carlo Rolex Masters турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 жастағы отандасымыз турнирдің бірінші айналымында әлемнің бұрынғы үшінші нөмірлі теннисшісі болған швейцариялық Стэн Вавринканы жеңді. 

Кездесудің бірінші сетін 37 жастағы Вавринка 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ал келесі екі сетті 7:5 және 6:2 есебімен Бублик жеңді. 

Енді келесі айналымда қазақстандық теннисшісі испаниялық Пабло Карреньо Буста мен аргентиналық Себастьян Баес арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: