Теннис
30 сәуір 2025 14:35

Бублик "Мастерстің" ширек финалына жете алмады

©instagram.com/bublik

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте (Испания) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің ширек финалына жете алмады.

1/8 финалда қазақстандық спортшы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Меншик 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бублик аталмыш турнирдің үшінші айналымында әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport