Теннис
22 қыркүйек 17:26

Бублик Қытайдағы турнирдің жартылай финалына өтті

©ҚР ҰОК

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport