Теннис
23 қыркүйек 17:51

Бублик Қытайдағы турнирдің финалына жетті

©sport-express.ru

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі.

Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қытайлық Ибин Уден басым түсіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы франциялық Валантен Руайемен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport