Александр Бублик Францияның Метц қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бублик ширек финалда норвегиялық Хольгер Рунды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен ұтқан еді. Тартысты ойын 1 сағат 59 минутқа жалғасты.
Енді жартылай финалда отандасымыз швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі.