Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

©usopen.org

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Антверпенеде (Бельгия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бублик ресейлік Александр Шевченкомен жұпта бельгиялық Михаэль Гертс/Готье Онклин дуэтін ұтты  - 7:6 (7:4), 4:6, 12:10.

Енді Бублик пен Шевченко алдағы ойында Ллойд Гласспул/Юго Нис (Великобритания/Франция) - Константин Францен/Хендрик Йебенс (Германия) кездесуінің жеңімпаздарымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport