Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингін жаңартты. Ол бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеке рекордын орнатты,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Бублик 43-ші орынға көтерілген, ал бұрын 46-да болған.
Қазақстандық өзге теннисші Михаил Кукушкин екі саты құлдырап, 94-тен 96-ға түсті. Ал Дмитрий Попко үш саты құлдилап 183-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Бублик Сингапурда өткен АТР 250 турнирінің финалына жетіп, аустралиялық Алексей Попыриннен ұтылып қалды - 6:4, 0:6, 2:6.