Теннис
31 қазан 09:46
 

Бублик алғаш рет ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Бублик алғаш рет ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына шықты ©

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париждегі беделді ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

blog.share

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Париждегі беделді ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Үшінші айналымда Бублик әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездесті. Бұған дейін теннисшілер алты рет ойнап, есеп тең болған – 3:3.

Бұл жолы қазақстандық спортшы сенсациялық жеңіске жетті. Бірінші сет аса тартысты өтіп, тай-брейкте Бублик қарсыласынан басым түсті – 7:6 (7:5). Екінші партияда да Бублик ойын тізгінін уысында ұстап, екі брейк жасап, матчты жеңіспен аяқтады – 6:2.

Бублик – 11 эйс, 1 қос қате, 10 брейк-пойнттің 2-сін пайдаланды
Фриц – 15 эйс, 5 қос қате, 4 брейк-пойнттың ешбірін іске асырмады
Бұл нәтижемен Александр Бублик мансабында алғаш рет Париж мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!