Бублик әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерлді

©ҚТФ, Андрей Ударцев

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді.

Кеше Монпелье турнирінде чемпион атанған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 27-ден 23-орынға көтерілді. Бубликтің бұған дейінгі үздік көрсеткіші 25-саты еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 59-дан 56-ға жоғарыласа, Денис Евсеев 176-дан 177-ге, Бейбіт Жұқаев 189-дан 191-ге, Дмитрий Попко 338-ден 339-ға сырғыды. Михаил Кукушкин 255-тен 247-ге, Тимофей Скатов 278-ден 275-ке ауысты.

Жұптық сында Александр Недовесов 48-орнында қалса, Андрей Голубев 64-тен 63-ке, А.Бублик 222-ден 201-ге көтеріліп тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport