Теннис
11 сәуір 2023 14:51

Билли Джин Кинг кубогі. Қазақстандық теннисшілер Польшамен матчқа дайындықты бастады

Анна Данилина ©ҚТФ

Қазақстан әйелдер құрамасы астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 14-15 сәуірде Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, қос құрама ойыншылары Астанада жаттығуға кірісті.

Алғашқы болып топырақ төсенішіндегі кортты Анна Данилина мен Юлия Путинцева байқап көрді.

Айта кетейік, ойындар 14-15 сәуір күндері Астана уақытымен 13:30-да басталады.

Алғашқы күні екі жекелей сындағы кездесу жоспарланған. Ал 15 сәуірде екі жекелей және бір жұптық сындағы бәсеке нәтижесінде жеңімпаз команда анықталып, командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport