Теннис
21 шілде 2025 13:20

Бейбіт Жұқаев Вашингтондағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз шешуші бәсекеде италиялық Андреа Ваввасоримен шеберлік байқасты.

Матч үш сетке созылып, Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:7 (9:11), 6:4 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Бейбіт турнирдің негізгі бөлімінің бірінші айналымында Франция теннисшісі Александр Мюллермен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport