Теннис
26 маусым 23:27
 

Бейбіт Жұқаев мансабында алғаш рет "Үлкен дулығаның" негізгі кезеңіне шықты

  Пікірлер

blog.share

Бейбіт Жұқаев мансабында алғаш рет "Үлкен дулығаның" негізгі кезеңіне шықты ©ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 251-орында) мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (ATP рейтингінде 251-орында) мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚР ҰОК мәлім еткендей, іріктеу кезеңнің шешуші матчында Жұқаев франциялық Лука Павловичті (ATP 239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.

Бұл – 24 жастағы қазақстандық үшін тарихи жетістік. Былтыр ол Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жетпей қалған еді. Сол кезде іріктеу финалында Франция теннисшісі Алис Кантенге есе жіберді — 3:6, 4:6, 4:6.

Өкінішке қарай, Қазақстанның басқа теннисшілері Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, биыл Уимблдон турниріне қатыспайтын болды.

Жұқаевпен қатар жүлде үшін Александр Бублик, Александр Шевченко, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилина (жұптық сайыста) күреседі. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында Қазақстан намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы және Дамир Жалғасбай (іріктеу кезеңінде) қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!