Теннис
27 қаңтар 2022 03:44

Australian Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен қазақстандық спортшы әсерімен бөлісті

©ktf

Қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралияның ашық чемпионатындағы жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, 17 жастағы Аружан ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

"Бұл менің жасөспірімдер арасында алғашқы "Үлкен дулыға" турнирім еді. Осындай ірі жарыста елімнің намысын қорғап, жұптық сында ширек финалға дейін жетуім жақсы жетістік деп ойлаймын. Жекелей сында тәжірибем жетіспеді. Алдағы уақытта бұдан да жоғары табысқа қол жеткізу үшін жақсылап дайындалып, барымды саламын. Маған қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме, барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді", - деді Сағындықова.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport