Теннистен Аустралия чемпионатының ұйымдастыру комитеті жаңа маусымдағы "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Бірақ бұл турнирге Роджер Федерер мен Серена Уильямс денсаулығына байланысты қатыса алмайды. Аустралияға тағы екі атақты теннисші келе алмайды - Стэн Вавринка мен Бьянка Андрееску. Ерлер арасындағы жарыстардың басты фавориті – әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович ұзақ ойланып, аталмыш турнирге қатысатынын растады.
Өз кезегінде қазақстандық теннис сүйер қауым да Аустралия чемпионатында отандық ракетка шеберлерін көре алады. Жарияланған қатысушылар тізімінде Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Дияс бар.