АТР турнирінде бірінші рет топ жарған қазақстандық Бублик рейтингте бірнеше саты жоғарылады

©tptour.com

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик жаңартылған АТР рейтингінде бірден бірнеше саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кеше Бублик карьерасында бірінші рет АТР санатындағы турнирде топ жарды. Ол Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 Open Sud de France турнирінің финалында неміс Александр Зверевті 6:4, 6:3 есебімен ұтты. 

Осы жеңістен кейін Бублик АТР рейтингінде төрт сатыға жоғарылап, 31-орынға көтерілді. Бұл отандасымыздың карьерасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: