АТР Санкт-Петербургтегі турнирді Нұр-Сұлтанға ауыстырды

©АТР

Халықаралық кәсіпқой теннис федерациясы (АТР) өзінің ресми сайтында Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы турнирді Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырып жіберді, деп жазады "Р-Спорт" басылымы. 

Турнирді не үшін ауыстырғаны туралы айтылмаған. АТР 250 санатындағы турнир 19 және 25 қыркүйек арасында өтеді. Ал Мәскеудегі Кремль кубогі белгіленген уақытында 17-23 қазанда болады. 

Санкт-Петербургтегі АТР 250 турнирі 26 мәрте өткен. Ал Нұр-Сұлтан қаласында АТР 250 санатында турнир бір рет, өткен жылы ғана болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: