Атақты Федерердің өзі қазақстандық теннисшіге орнынан тұрып қол шапалақтады

©The Flow

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон - 2023" турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина америкалық Шелби Роджерсті 4:6, 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Бұл матчті көрермен ретінде швейцариялық атақты теннисші Роджер Федерер де тамашалады, ол қазақстандық теннисшінің жеңісіне орнынан түре келіп қол шапалақтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport