16-18 желтоқсан аралығында Астанада Супер және бірінші лигаларда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының финалдық турының матчтары өтеді, деп жазады Olympic.kz.
Суперлига турнирі кестесінде алғашқы үш орынды ҮТК "Қарағанды", "Sarkan (Жетісу облысы), "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы) алуда.
Бірінші лигада "Alga Express" (Алматы), "Pro100" (Алматы), "Қарағанды-2" ҮТК көшбасшылар қатарынан көрінді.