Теннис
7 қазан 19:18

Анна Данилина Шанхайдағы турнирді сәтті бастады

©Global Look Press

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Жарыста отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Теннисшілер алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті. Кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.

Ширек финалға өту үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букша жұбымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport