Теннис
3 маусым 15:58
 

Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің ширек финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің ширек финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.

blog.share

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды.

Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Данилина мен Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы - Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп - Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға қазақстандық теннисші Александр Бублик те өткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!