Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Анна Данилина жұптық сында WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.
Ол ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып, Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен беделді жарыста топ жарды.
Финалда олар Оксана Калашникова (Грузия) және Камилла Рахимова (Ресей) жұбынан басым түсті.
Есеп - 2:6, 7:5, 10:7.
Бұл Анна Данилинаның WTA турнирлеріндегі оныншы жүлдесі.