Анна Данилина жұптық сайыста Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бразилиялық Беатрис Хаддад Майамен дуэт құрған жерлесіміз ширек финалда чехиялық Никола Бартункова және Барбора Палицова жұбын 7:6, 6:3 есебімен ұтты.
Енді Данилина мен Майаның жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Еске салайық, 21 жастағы Данилина WTA-ның жұптық рейтингте 21-орында келеді. Бұл қазақстандық теннисшілердің арасында ең үздік көрсеткіш.