Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Анна Данилина рейтингін жақсартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әйелдер теннисінің қауымдастығы (WTA) әзірлеген жаңа тізімде Анна Данилина жұптық рейтингте 20-орынға көтерілді. Бұл отандасымыздың спорттық карьерасындағы ең үздік нәтижесі болып табылады.
Жекелей сында Елена Рыбакина 20-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева алты саты төмендеп 45-орынға табан тіреді. Ал Зарина Дияс әлемдік рейтингте 109-орында.
Австралиялық Эшли Барти жекелей жарыста көш бастап тұр.