Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде

©ҚТФ

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Ярослава Шведова US Open турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Жұптық сында "Үлкен дулыға" жарысының 15-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес екінші айналымда босниялық Томислав Бркич – сербиялық Никола Качичпен кездесті. Қазақстан-германиялық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталмыш дуэт 1 сағат 16 минутқа созылған матчта 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. Голубев пен Мьес үшінші айналымда ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен таласады.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова аралас жұптық сында франциялық Фабрис Мартенмен ширек финалға шықты. Олар бастапқы кездесуінде доданың 7-ракеткалары, тайбэйлік Чань Хао-Чин – жаңазеландиялық Майкл Винусты 6:4, 3:6, 10:7 есебімен ұтты. Қазақстандық-франциялық жұп екінші айналымда америкалықтар Сачия Викери – Натан Пашамен күш сынасты. Бұл жолы да Шведова мен Мартен супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 6:4, 4:6, 11:9. Шведова мен Мартен жартылай финалға шығу үшін украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Пёрселмен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Галина Воскобоева сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялық Дарья Юрак пен нидерландылық Матве Миддлкопты 6:2, 3:6, 10:8 есебімен жеңді. Дегенмен екінші айналымда доданың 3-ракеткалары, чилилік Алекса Гуарачи – ұлыбританиялық Нил Скупскиге 7:6 (7:4), 1:6, 8:10 есебімен жол беріп, ширек финалға өте алмай қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: