Америкалық теннисші допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстан шеттетілді

©ITF

Америкалық теннисші Варвара Лепченко допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ресми сайты. 

Лепченконың 2021 жылы 12 шілдеде Будапешттегі турнирде тапсырған сынамасынан адрафинил мен модафилин табылған. Бұл дәрмектер WADA ұйымының қолдануға тиым салған дәрі-дәрімектерінің қатарына кіреді. Аталған екі дәрмек те  стимуляторлар категориясына жатады. 

Тәуелсіз трибунал теннисшінің бұл дәрілердің ағзасына байқаусызда түскенін дәлелдей алмағанын айтады. Енді 35 жастағы теннисші төрт жылға жарыстардан шеттетіледі. Оның жаза мерзімі 2021 жылдың 19 тамызынан басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: