Алғаш рет. Қазақстандық теннисші "Уимблдонның" жартылай финалына шықты

©olympic

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің 1/4 финалында аустралиялық Айла Томляновичті ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлемнің 23-нөмірлі теннисшісі саналатын Рыбакина жартылай финалға жолдама беретін тартысты матчта Айла Томляновичтен айласын асырды. Бірінші партияда бір брэйктің арқасында 6:4 есебімен аустралиялық ару алға шықса, екінші партияда отандасымыз 6:2 есебін тіркеді. Ал шешуші сетте отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.

Қос теннисші осыған дейін өткен жылы Мадридтегі турнирдің бірінші кезеңінде кездесіп, Рыбакина 6:4, 6:0 есебімен ұтқан еді. Елена Рыбакина спорттық карьерасында алғаш рет Тұманды Альбиондағы жарыстың 1/2 финалына шыққанын айта кеткен жөн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport