Теннис
23 ақпан 2022 15:49
 

Әлемнің ең танымал теннисшілерінің бірі төрешіге шабуыл жасап турнирден шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

Әлемнің ең танымал теннисшілерінің бірі төрешіге шабуыл жасап турнирден шеттетілді ©Reuters

Неміс теннисшісі  Александр Зверев Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан турнирден шеттетілді. Ол жұптық сайыс кезінде төрешіні ракеткамен ұрып жіберді, деп жазады "Р-Спорт" порталы. 

blog.share

Неміс теннисшісі  Александр Зверев Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан турнирден шеттетілді. Ол жұптық сайыс кезінде төрешіні ракеткамен ұрып жіберді, деп жазады "Р-Спорт" порталы. 

Жұптық сында Зверев пен бразилиялық Марсело Мело ұлыбританиялық Лойд Гласспул мен фин Харри Хелиоваареден 2:6, 6:4, 6:10 есебімен жеңілді. Осы ойыннан кейін Зверев төбешікте отырған төрешіге барып, оны ракеткамен бірнеше рет ұрып кетті. 

"Жұптық сындағы ойын аяқталғаннан кейін спортшыға тән әрекет көрсетпегені үшін Зверев Акапулькадағы турнирден шеттетілді", - делінген Кәсіпқой теннис ассоциациясы таратқан ақпаратта. 

Зверев бұл турнирде жекелей сынның екінші айналымына өткен болатын. Онда ол неміс отандасы Петер Гоевчикпен ойнау керек еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!