Әлемнің экс-бірінші ракеткасы ATP 500 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты

©ҚТФ

Әлемнің экс бірінші ракеткасы Даниил Медведев ATP 500 Astana Open турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің 1/8 финалында Медведев Финляндиядан келген Эмил Руусувуоримді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Енді әлемнің 4 -ракеткасы 7 қазан күні испаниялық Роберто Баутиста Агутпен кездеседі.

Еске салайық, ресейлік теннисші бірінші айналымда тағы бір испаниялық Альберт Рамоспен кортта жолығып, 6:3, 6:1 нәтижесімен басым түсті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: