Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Астанадағы турнирдің екінші айналымына өтті

©globallookpress.com

Ресейлік Даниил Медведев ATP 500 Astana Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған Медведев испаниялық Альберто Рамос-Виньоласты 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Ойын 1 сағат 21 минутқа созылды.

Енді турнирдің екінші айналымында ресейлік теннисші Марк-Андреа Хюслер (Швейцария) мен Эмиль Руусувуори (Финляндия) жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: