Әлемнің бірінші ракеткасы XXI ғасырдың жаңа рекордын тіркеді

©Reuters

Әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентек теннис әлемінде тарихи жетістіктің авторы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Уимблдон" турнирінің алғашқы айналымында Швентек хорватиялық Яна Феттпен кездесіп 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл поляк қызының қатарынан жеңіске жеткен 36-кездесуі болды.

Ол 2022 жылдың 16 ақпанынан бастап ұтылмай келеді. Осылайша, Ига Швентек XXI ғасырдың жаңа рекордын тіркеді. Бұған дейін америкалық Серена Уильямс ресми жарыстарда қатарынан 35 матчта ұтылмаған еді.

21 жастағы бойжеткен кәсіпқой карьерасын 2018 жылы бастап, WTA сериясының 9 титулын жеңді. Солардың арасында "Ролан Гаррос" турнирінің бас жүлдесін екі рет (2020, 2022) алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: