Әлемнің бірінші ракеткасы Медведев Astana Open турниріне қатысады

©Reuters

1-9 қазан күндері АТР 500 сериясы бойынша Қазақстанда алғаш рет Astana Open турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы айтулы додаға қатысушыларды таныстыруды әлемнің 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевтен бастады.

Тенниспен алты жасынан айналысқан Медведев кәсіпқой спорттағы жолын 2014 жылы бастады. Сол жылы бірнеше рет ITF додаларында жеңіске жетті. ATP жарыстарында 2015 жылдан өнер көрсетіп келеді.

Даниил 2010 жылы 18 жасқа дейінгілер арасында Өскемен қаласында өткен ITF Junior G3 жарысына қатысты. Ал 2016 жылы әлемнің 171-ракеткасы ретінде Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті кубогінде ATP Challenger турнирінің ширек финалына дейін жетті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: