Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасынан командалық әлем чемпионатының іріктеу раундына кімдер баратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚТФ.
Ярослава Шведова бастаған бапкерлер қосыны келесі ойыншыларды таңдады:
Елена Рыбакина - Жекелей сындағы WTA рейтингінде 10-орында
Юлия Путинцева - Жекелей сындағы WTA рейтингінде 42-орында
Анна Данилина - Жұптық сындағы WTA рейтингінде 25-орында
Гозаль Айнитдинова - Жекелей сындағы WTA рейтингінде 333-орында
Жанел Рүстемова - жұптық сындағы WTA рейтингінде 973-орында
Аружан Сағындықова - Жекелей сындағы WTA рейтингінде 968-орында, қосалқы ойыншы.