Александр Бублик "Уимблдонның" бірінші айналымында Михаил Кукушкинді жеңді

Сурет: ҚТФ

"Уимблдон" турнирінің бірінші айналымында қазақстандық теннисшілердің кездесуі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бірінші айналымда Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик пен екінші нөмірлі теннисшіміз Михаил Кукушкин кездесті. Бұл теннисшілер үшінші рет кездескен. Бұған дейінгі есеп 1:1 болатын. 

Лондонда өткен бұл ойында Бублик 6:4, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Енді ол екінші айналымда болгариялық Григор Димитровқа қарсы кездесу өткізеді. 

Еске салайық, Бублик пен Кукушкин Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. 

 

Метки: