Теннис
21 шілде 2025 11:43

Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің жеңімпазы атанды

©ktf.kz

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.

2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл - Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport