Теннис
27 мамыр 2022 21:02
 

Александр Бублик "Роллан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Александр Бублик "Роллан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шықты ©olympic

Бүгін, 27 мамырда "Ролан Гаррос" турнирінің алтыншы жарыс күні өтіп жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Бүгін, 27 мамырда "Ролан Гаррос" турнирінің алтыншы жарыс күні өтіп жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жұптық сайыстың екінші кезеңінде аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірлесіп венгриялық Мартон Фучович пен америкалық Фрэнсис Тиафо дуэтін 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу небәрі 59 минутқа жалғасты.

Бір қызығы, кортқа шыққан төрт теннисші де жекелей сынның ойыншылары. Алайда Коккинакис жекелей жарыстың бірінші айналымынан ұшып кетсе, Бублик, Фучович және Тиафолар Париж турнирінің екінші кезеңінен ары аса алмады.

Енді Бублик пен Коккинакис 28 мамырда хорватиялық Иван Додиг пен америкалық Остин Крайчекке қарсы үшінші айналымдағы матчты өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!