Теннис
1 қараша 21:16
 

Александр Бублик Париждегі турнир финалына шыға алмады

  Пікірлер

blog.share

Александр Бублик Париждегі турнир финалына шыға алмады ©ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№16) Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№16) Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалға жолдама үшін Бублик канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссиммен (№9) кездесті. Бірінші сетте канадалық спортшы 7:6 (3) есебімен басым түсті.

Екінші партияда Бублик 4:1 есебімен алда тұрғанымен, матчты өз пайдасына аяқтай алмады – 4:6. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.

Айта кетейік, Париждегі беделді турнирдің екінші жартылай финалында италиялық Янник Синнер мен германиялық Александр Зверев кездеспек. Олардың ойыны Бублик пен Оже-Альяссим арасындағы матчтан кейін бірден басталады.


Сонымен қатар, Александр Бублик финалға шығу жолындағы кездесуде ашуға беріліп, ракеткасын сындырып алған сәт те тіркелді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!