Александр Бублик Майамидегі турнирдің келесі кезеңіне өте алмады

Александр Бублик. Сурет: olympic.kz©

АҚШ-тың Флорида штатында өтіп жатқан Masters турнирінде қазақстандық спортшы Александр Бублик ширек финалында жеңіліс тапты,- деп хабарлайды Olympic.kz. 

1/4 финалда Бублик италиялық Янник Синнермен кездескен болатын. Аталған матчта 2:0 есебімен (7:6, 6:4) италиялық спортшы басым түсті.  Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылған.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик биылғы Майами Masters турнирінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшылардың ішінде жартылай финалға жеткен жалғыз теннисші.  

Метки: